Мәдениет

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада әдеби-сазды кеш өтті

Назы Алиева, №4 орта мектептің 10-сынып оқушысы:

– Мен қазақ тілін жақсы көремін. Үйде де, отбасында да сөйлеуге тырысамын. Қазақ ақындарының, жазушыларын оқып, жаттап жүремін. Достарыммен де қазақ тілінде сөйлесемін.

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада қазақ тілін меңгеремін деушілер үшін тегін үйірмелер жұмыс жасайды екен. Мұнда мемлекеттік тілде еркін сөйлеуді көздеген азаматтардың бәріне есік ашық дейді кітапхана қызметкерлері.

Зәмзәгүл Рамазан, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың кітапханашысы:

– Қазақ тілін үйренемін деуші өзге ұлт өкілдеріне көмектесеміз, қажетті сөздіктер мен әдебиеттерді береміз. Мектеп оқушылары да келіп жатады.

Тілдер апталығы аясында ұйымдастырылған жиында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен қоғамда қолдану аясын кеңейту туралы талқыланды.

Шара соңында мектеп оқушылары мен студенттер қазақ классиктерінің өлеңдерін жатқа оқып, халық әндерін орындады.

 

Саят Ермек