МТРА жаңалықтары

ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтындағы курсанттың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Әскери институттың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жоғарыда аталған жағдайға байланысты оқу орнының 5 қызметкері жұмысынан шеттетіліп отыр. Олар – Әскери институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, 3-ші оқу батальонының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша командирі мен оның орынбасары және 3-ші, 6-шы оқу роталарының командирлері.

 

Тогжан Акмагамбетова