Құқық қорғау органдары

Өңірде “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасы өтуде

Ұсталған жігіт :

– Нөмірдің жалған екенін білдіңіз бе?

– Білген жоқпын. Бірақ құжаттарым бар. Көкшетау қаласында қайта рәсімделуге бердім.

– Жүргізу куәлігі бар ма?

– Жоқ.. 2017 жылдың 21 наурызында жүргізу құқығынан айырылдым.

– Оған не себеп болды?

– Куәландырудан бас тарттым.

Қазіргі уақытта автокөлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді. Ал жүргізушіге заң бұзғаны үшін айыппұл салынатын болады.

Баян Байғаскина – СҚО ІІД ЖПҚ аға инспекторы:

– Бұл азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590, 612 бабы бойынша әкімішілік құқық бұзушылық материалдары жинастырылды. Айыппұл мөлшері 15 АЕК-ті құрайды.

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасына облыс бойынша 400 полиция қызметкері жұмылдырылған. Нәтижесінде мыңға жуық заңбұзушылық анықталған. Оның басым бөлігі – көлікті тиісті құжатсыз жүргізу, қауіпсіздік белдігін тақпау және рөлде отырып ұялы телефонмен сөйлесуге қатысты. Сондай-ақ, көлікті мас күйінде жүргізген 39 тұлға ұсталған. Айта кету керек, бұл жедел-алдын алу шарасы қыркүйектің 16-сына дейін жалғасады.

 

Айсулу Сергали