МТРА жаңалықтары

16 қыркүйекте сенбілік өтеді

Тағы олар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін болады. Қала бірнеше учаскеге бөлініп, тазарту жұмыстары барлық жерлерде жүргізіледі. Осы қайырымдылық сенбілік аясында мемлекеттік орган қызметкерлері мен кәсіпорын мамандары бір күндік жалақыларын бөледі. Оның 50 пайызы әр мекеменің өз қажеттілігі үшін жұмсалса, қалғаны көмекке мұқтаж жандарға, яғни аз қамтылған отбасылар мен қарттарға берілмек.

Евгений Глотов – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– 1-ші қазан – Қарттар, ал 8-ші қазан – Мүгедектер күні қарсаңында осындай игі істі қолға алып отырмыз. Одан түскен қаржы қариялар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттілігіне бағытталады. Қалада әлеуметтік төлемдер алатын 53 мыңнан астам адам бар. 43 мыңы -зейнеткерлер. Сол ардагерлердің 40 пайызы кезінде өздері жұмыс істеген мекемелерінен қол үзіп қалған. Сондықтан, олар біздің қолдауымызға мұқтаж. Жастар қарттардың үйлеріне барып қолғабыс етсе, кәсіпкерлер отын шөптерін дайындауға көметесуі керек. Жалпы барлығын сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз.

 

Магжан Ахмадина