Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы азаматтарды қабылдады

Құмар Ақсақалов, «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:

– Бұл – экологияны сақтауда, бюджет қаржысын үнемдеуде тиімділігі бар жақсы жоба. Біз мұндай құрылғыны жасап шығару бойынша Ауыр машина жасау зауытына тапсырыс бергенбіз. Енді қайсыңыз бірінші болып жүзеге асырасыздар, содан аламыз. Қазір Энергетика басқармасына тапсырма беремін. Мәселені техникалық кеңесте қарап, сіздер жасайтын қазандардың қауіпсіздігін, сапасын тексерсін.

Келесі болып төрге өткен Болат Сағындықовтың мәселесі көпке аян. Ақсақал саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған музей тұрғызуды көздейді. Оның құрылыс жұмысын жүргізетін серіктестікті тауып, ғимараттың жобасын да сызып қойған. Тиісті құжаттарын қолтығына қыстырып тиісті мекемелердің табалдырығын тоздырып болыпты.

Болат Сағындықов, СҚО құрметті азаматы:

– Осы музейді салуға қаржы болса дейміз. Бір мемориалдық тақта аздық етеді.

Құмар Ақсақалов: «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:

– Қазір бізде қала құрылысына байланысты өзге жоспарлар бар. Сондықтан бұл мәселені ойлану керек.

Ислам дінінің Солтүстік Қазақстан облысында дамуы жайлы кітап бар ма? Мұндай еңбекті 200 жылдық тарихты қаузай отырып Байкен қажы Кәдірбайұлы 10 жыл бұрын жазып болыпты. Бірақ, жарыққа шығаруға қаржы жоқ.

Құмар Ақсақалов, «Нұр Отан партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:

– Мен ойланып, сізге бір хабарын беремін. Бұл үшін бюджеттен қаржы қарастырылмайды. Тек демеушілер есебінен болмаса.

Қоғамдық қабылдауға келесі болып облыс орталығындағы «Қызылжар оранжереясын» күтіп-баптан жүрген әкелі-балалы Артур мен Равиль Рязаповтар кірді. Өңір жетекшісі бюджеттен бақтың күтіміне, жөндеуіне қаржы бөлуге дайын. Мекеменің директоры мен бас агрономының көңілі сонда да күпті. Ботаникалық бақтың ертеңгі күніне алаңдап отыр. Себебі, жекешелендіруге қойылған нысан үш рет саудаға шығарылып, тиісті сатып алушы табылмаған. Мұндай жағдайда мекеме ерікті түрде таратылады.

Құмар Ақсақалов: «Нұр Отан партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:

– Еш қобалжудың реті жоқ. Шешімі бар мәселе. Экологиялық сараптама оң көрсеткішін берсе мемлекет қарамағына аламыз. Бұл үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақ статусы беріледі де, әрі қарай күтіп-баптап, қаланың көрікті жерлерінің бірі ретінде ұстайтын боламыз.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов бүгін айтылған барлық сұрақтар бойынша тиісті басқарма жетекшілері мен қала әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 

Акбопе Танирберген