МТРА жаңалықтары

Петропавлда тапа-тал түсте төтенше жағдай орын алды

Дмитрий Вишняков, куәгер:

– Досыммен мектептен үйге келе жатқанда үйдің екінші қабаты өртке оранғанын байқадық. Біз оны сөндіруге кірістік. Кейін, моншадағы өрт нысанның шатырына көшті. Сөйтіп, ауланың барлығы қызыл жалынға оранды.

Өртті сөндіруге 6 бірлік техника жұмылдырылған. Аз ғана уақыт ішінде баспана ішіндегі адамдар құтқарылды. Қызыл жалынмен барлығы 30 өрт сөндіруші арпалысты. Тек 30 минуттан кейін ғана олар тілсіз жауды ауыздықтай алған.

Руслан Базарбаев, СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ кезекші өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі:

– Құтқарушылар оқиға орнына 4 минутта жетті. Олар бұл жерден 2 кіші және 1 үлкен газ балонын шығарып, гараждың ішінде тұрған машинаны қауіпсіз жерге жеткізді. Үйден бөлек, монша да өртке оранды.

Құтқарушылардың сөзінше аумағы 210 шаршы метрді құрайтын баспананы шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық залал есептелуде. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Жалпы, жыл басынан Петропавлда 152 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 7 адам қаза тапқан.

Эльмира Садвокасова