Балалар

Жасотандықтар қаламызда сенбілік өткізді

“Мәңгілік алау” ескерткішінің маңын жиыстыруға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 1 курс студенті Архат Шаншаров та білек сыбана кірісіп кеткен.

Архат Шаншаров – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Белгіленген аумақты қоқыстардан жинастырып жатырмыз. Мұнда көбіне, қурап қалған жапырақтар өте көп. Біздің мақсатымыз – ең бірінші, қаламызды таза ұстау.

“Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында ұйымдастырылып отырған “Ұрпақтар естелігі” атты акциясы еліміз бойынша қыркүйектің 10-ынан бастау алды. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, сенбілікке 30-ға жуық жасотандық қатысуда.

Сұлтанбек Төлегенов – “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық бөлімшесінің жетекшісі:

– Бұл акция барысында жастар ардагерлерге көмектесіп, ата-бабаларымыздың ерлігіне арналған ескерткіштерді жинастырады.

Айта кетсек, аталмыш іс-шара республикамыз бойынша қыркүйек айының 23-іне дейін жалғасын таппақ.

Тогжан Акмагамбетова