Мәдениет

Майбалық ауылы жайлы кітап оқырманға жол тартты

Ахметжан Қуантаев, “Асыл мұра” орталығының қызметкері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі:

– Тарихы, жұрты, салт-дәстүрі, өткені келешегі сияқты басты мәселелер. Неге Майбалық ауданы. Өйткені, 1928 жылы қазақтарды отырықтандыру саясатын қалыптастырған бірінші ауыл. 05:21 Майбалықпен Сәбит ағамыздың тағдыры байланысты болған. Ол кісі сол ауылдың салынуына куә болған. “Өмір мектебі” шығармасының бір тарауы “Майбалық той” деп атаған.

Солтүстік Қазақстандағы әр ауыл өзінше тарихтан сыр шертеді. Автор кітаптың іші де “Орны дара, жұрты дана Майбалық” деп атой салып тұрған атауына сай болуына баса назар аударған. 3500 жыл бұрын қазіргі Майбалық төңірегін кімдер мекен еткен? Кітап осыдан басталады. Киелі мекен тумаларының естеліктері енгізілген. “Ауылдың езу тартқызар” әңгімелері де бар. Архивтен алынған құжаттардан мысалдар көптеп келтіріліпті. Маңайында мекендейтін жан-жануар мен өсімдік жайлы да ақпарат табасыз. Бұл кітап Жамбыл ауданын былай қойғанда, Солтүстікқазақстандық әр азамат жастанып оқитын кітап дейді бетін парақтағандар.

Амандық Жантеміров, ҚР құрметті журналисі:

– Бұл кітапға ауданға еңбегі сіңігендер енгізілген екен. Өте құнды деректер бар.

“Орны дара, жұрты дана Майбалық” кітабы 80 данамен басылыпты. Автор сұранысқа байланысты тағы да шығаруға болады деп отыр.

 

Акбопе Танирберген