Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да егіннің 67%-ы жиналды

Мұнда әр гектардың берекелігі 17,5 центнерден айналуда. Яғни, өзге аудандардыкімен салыстырғанда көбірек. Жалпы өңірде 2 млн гектар жердегі астық орылған. Бұл – барлық жоспардың 67 пайыздан астамын құрайды. 2 млн 654 мың тонна дән бастырылған.

Ал, майлы дақылдардың 413 мың гектары шабылып, бүкіл жұмыстың 58 пайызын құрап отыр. Өнімнің 268 мың тоннасы бастырылыпты. Гектар шығымдылығы бойынша Қызылжар, Айыртау және Шал ақын аудандары көш ілгері.
Сондай-ақ, облыста көкеніс егілген жердің 65 пайызы жинап алынған. Бұл ретте орташа өнімділік көрсеткіші гектарына 200 центнерге жуық.

 

Акбопе Танирберген