МТРА жаңалықтары

ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанатын МТРА тікелей эфирде көрсетеді

Айта кету қажет, бұл көрме штаттық режимде жұмыс жасайды және барлық павильондар өз келушілерін кешкі 8-ге дейін күтеді. Ресми бөлімнен кейін павильондар 22-00-де ашылады. Әр мемлекет өзінің концерттік бағдарламасын ұсынады. ЭКСПО қонақтарын таңғажайып фейерверк-шоу күтуде. От шашу сағат 21-15-те басталады. Халықаралық көрменің жабылу салтанатын кешкі сағат сегізде муниципалды телеарнадан тікелей эфирде немесе mtrk.kz сайтынан көре аласыздар. Бұл күні біздің түсірілім тобы Астана қаласында жұмыс істейтін болады. Ауқымды шараның жабылу салтанаты жайлы толығырақ бейнесюжетті қыркүйектің 11-і күнгі жаңалықтардан тамашалай аласыздар.

 

Риат Шони