МТРА жаңалықтары

“Қызылжар су” ЖШС Петропавлда ауқымды жөндеу жұмыстарын қолға алды

Арман Саутов – “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры:

– Қазір шахтаға сорғыны орнатуға барлық дайындық шаралары жүргізілді. Біз бұнда швед фирмасының автоматты түрде басқарылатын Flygt  агрегатын қоямыз. Ол жылына 8 млн теңге электр қуатын үнемдейді. Бұл істер тыныдырылып жатқанда сорғы станциясы баяғыдай жұмыс істеп тұр, еш жерден ажыратылған жоқ.

“Қызылжар су” ЖШС-нің атқарған жұмысы бұл ғана емес. Қазір шаһарда “Нұр жол” мемлекеттік бағдарламасы бойынша тағы үш жоба іске асуда. Соның бірі -Нефтепроводный көшесі бойынша орналасқан кәріздік сорғы станциясы. Бұл Береке шағын ауданы мен қаланың солтүстік-шығысындағы өнеркәсіптік аймаққа қызмет көрсетеді. Тәуліктік қуаттылығы – 3 мың текше метр.

Арман Саутов – “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры:

– Бұл жаңғырту жұмыстарына 255 млн теңге қаражат бөлінді. Қазір істің 65 пайызы тындырылған. Бұнда да швед фирмасының автоматты түрде басқарылатын 75 кВт-ық Flygt агрегатын қоямыз.

Сондай-ақ, бұл сорғы станциясында электр жабдықтары жаңартылуда. Мұндағы жұмыстар аяқталған соң үнемдеу жылына 15 млн теңге шамасында болмақ. Баспасөз турындағы келесі аялдаған нысан – Шухов көшесіндегі коллектр. Мұнда диаметрі 500 мм-лік құбырды жуып-шаю жұмыстары жүргізілуде. Мердігер компания павлодарлық – “Казтройсервис 7” ЖШС. Бұл үшін арнайы машина қолданылуда. Ол коллектрда тұрып қалған кірпіш, түрлі бетон қалдықтарын 18-19 Бар су қысымымен шаяды. Салыстырмалы түрде бұл күшпен асфальтты қиналмай-ақ бұзуға болады.

Рустам Омаров – “Казтройсервис 7” ЖШС жөндеу учаскесінің басшысы:

– Бүгін біз жұмысқа таңғы 8-де кірістік. Қазіргі уақытта коллектрдың 50 метрін жуып-шайдық. Жоспар бойынша бұл істі әлі 100-150 метр жерде атқармақпыз. Ал, жалпы коллектордың ұзындығы – 1 500 метр. 25 күнде барлық жұмысты аяқтаймыз.

Құбырды жуып-шайғаннан кейін санациялау жұмысы жүреді. Ол үшін коллектрдың ішіне полимерлі майысқақ түтік салынады. Оның қызмет ету ұзақтығы – 50 жыл. Жалпы бұл бағытқа “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша 284 млн теңге қаражат бөлінген.Ал, бұл – ІІ көтерілімдегі №2-ші сорғы станциясы. Тура осыннан қалаға таза ауыз су жеткізіледі. Күніне – шамамен 40 мың текше метр. Станцияда жарты жыл бұрын 6 сорғының үшеуі жаңасына ауыстырылыпты.

Евгений Мокренский – “Қызылжар су” ЖШС бас энергетигі:

– Біз қазірдің өзінде айына 100 мың кВт-ы үнемдеп отырмыз. Алдағы уақытта бұл 1 млн-ға жетеді. Ақшамен есептегенде 10 млн теңге. Жаңа агретттардың тағы бір ерекшелігі, жарық сөнген кезде де үздіксіз жұмыс істей береді. Ескілері басқа желіге қосылғанша уақытша тоқтап қалатын. Енді бұндай мәселе туындамайды.

Бұдан бөлек монополист компания қалада су өткізгіш және кәріздік желілерді ауыстыруда. Биылғы жылы шаһарда 241 құдық жөнделіп, 73 ысырма жаңартылған.

 

Риат Шони