Құқық қорғау органдары

Петропавлда Мир және Интернационал көшелерінің қиылысында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды

Сүт өнімдері сатылатын шағын сауда орнының тас-талқанын шығарған көлікті әйел адам басқарған екен. Абырой болғанда, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жүргізілген тергеу амалдарының нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-шы бабы бойынша хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жіберілген. Апатқа кінәлі жүргізуші сот процесінің нәтижесінде анықталатын болады. Ол 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырылады.