Құқық қорғау органдары

Теріскейлік фермерді тонап кеткен үш алаяқ ұсталды

Кейін тапа тал түсте сауда жасаған азаматтың үйіне өздері берген қаржыны жымқыруға кірген. Баукеспелер есеп айырысқан 400 мың теңгемен қоса фермердің адал еңбекпен тапқан 5,5 млн теңгесін ұрлапты. Қылмыстың өтеуі – жаза! Үш бірдей алаяқ Ақмола облысында құрықталып, қазір Көкшетау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Нұрбек Баекин – СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

– Қазіргі таңда ҚР ҚК-ің 188-ші бабы “Ұрлық” және 199-шы бабы “Алаяқтық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егерде олардың кінәлары дәлелденсе онда 10 жылға дейін темір торға тоғытылады.

 

Риат Шони