Денсаулық сақтау

Елатом зауытының құрылғылары төмен бағамен саудалануда

Бәтима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– Алмаг құрылғысының остеохондроз, варикоз, демікпе ауруларын емдеуге пайдасы зор. Жүйке жүйесі ауруының да алдын алады. Аппараттың көмегімен асқынған қант диабетін де емдеп жазуға болады. Ас қорыту жүйесін де реттейді. Бас-аяғы 49 дертке шипа.

“Алмаг”-тан басқа да “Үй дәрігері” сериясындағы құрылғылар теріскейліктер арасында танымал. Соның бірі – мына Унилор-01. Әсіресе, күз және қыз мезгілінде бұл – таптырмас құрал. Себебі, гайморит, тонзиллит, ринит сынды түрлі ауруларды асқындырмай-ақ емдеуге болады. Ал, аппаратты ұзақ қолданатын болсаңыз, сырқаттан сауығып, иммунитетіңіз де жоғарылайды. Құрылғының бірнеше саптамасы бар.

Аппаратты пайдаланар алдында, әрине, ең алдымен дәрігермен кеңесіп алған жөн. Сондай-ақ, нұсқаулықты оқып, қай саптаманы қолдану керектігін анықтау қажет. Айта кету керек, құрылғыны 1 жасқа толмаған балаларға қолдануға тыйым салынады. Тағы бір Елатом зауыты ұсынып отырған физиотерапевтік құрылғылардың бірі – “Мавит”.

Бәтима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– Құрал жылу, магниттік өріс және вибрация көмегімен емдейді. Ол қан айналымын жақсартып, қабынуды азайтады. Оған көбіне ер адамдар жүгінеді. Құрылғыны дәрілік препараттармен бірге қолдануға да болады. Аппарат блок пен бір саптамадан тұрады. Пайдаланылуы өте қарапайым.

Құрылғыларды дәрігердің кеңесімен қолданған жөн. Айта кету керек, аталған аппараттарды №7-ші әлеуметтік дәріханалардан төмен бағамен сатып алуға болады.

 

Эльмира Садвокасова