Білім

2017 жылдың екінші тоқсанында білім беру қызметін өңірде 754 мемлекеттік мекеме көрсеткен

Олардың атқарған істерінің жалпы көлемі 16 млрд 334,8 млн теңгені құрады. Білім беру қызметіне төленетін қаржының басым бөлігі – бюджеттік. Яғни, бұл – оның 94,5 пайызы. Ал, тұрғындардың есебінен берілген ақша – 4,9, кәсіпорындардың үлесі 0,6 пайызды көрсетіп отыр. Жалпы өңірде қызмет көрсетудің басым бөлігін негізгі және жалпы орта білім беру құрайды. Олардың атқарған істерінің көлемі 8 млрд 414,2 млн теңге болады екен.

 

Риат Шони