Құқық қорғау органдары

Өңір тәртіп сақшылары “Абайлаңыз, бала” атты акция ұйымдастыруда

Жалпы жыл басынан жолда 24 бала түрлі жарақат алған. Оның 8-і жолаушы екен. Көбіне көлік жүргізушілері жеткіншектердің денсаулығына салғырт қарап, қауіпсіздік белдігін таққызбаған немесе оларда балаларға арналған арнайы белдік болмаған. Бұндай оқиғалар оқушылар мектептен үйге қайтатын уақытта, әсіресе, сағат 12-і мен 16-ы аралығында орын алатын көрінеді.

Жол-көлік апаттарының сараптамасы көрсеткендей балалар үшін Петропавлда Әуезов-Интернационал, Караван-Панфилов, Жабаев-Алматинская, Уәлиханов-Гашек көшелерінің қиылыстары қауіпті екен. Жалпы тәртіп сақшылары “Абайлаңыз, бала” акциясы аясында көшелердегі үлкен экрандарда, қоғамдық көліктерде түрлі жарнамалар беріп, оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіруде. Бұл шара қыркүйектің 6-на дейін жалғаспақ.

Баян Байгаскина – СҚО ІІД ЖПҚ аға инспекторы:

– “Абайлаңыз, бала!” акциясы екі кезеңнен тұрады. Оның негізгісі қыркүйектің 1-і мен 5-і аралығында өтеді.

 

Риат Шони