Ауыл шаруашылығы

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астықты қабылдау бағасын жариялады

Азық-түлік корпорациясы қосымша құн салығын есепке алып, бидайды сатып алудың бағасын белгілеп отыр. Олар кілегейлігі 23 және 3-ші сыныпты алтын дәннің тоннасына 42 мың теңгеден бермек. Сапасы жақсырақ астықтың құны одан қымбатырақ болады. Бұл баға өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары екен.

Сағат Төлеу – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ СҚО өкілдігі директорының міндетін атқарушы:

– 25-ші кілегейлігі бар және 710-шы натураға 45 мың теңге, 27 кілегейлік, 760 натура 52 мың теңге. Одан жоғарыраққа 60 мың теңгеден жоғары береміз. 4-ші сыныпты астыққа 37 мың теңге. Ал арпа мың тонаға дейін 40 мың теңге болады. 

 

Магжан Ахмадина