Құқық қорғау органдары

Астық жинау науқаны басталғаннан бері облыста дәнді дақылдардың 40 тоннасы ұрланған

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

– Комбайн жүргізушісінің техникалық құжаты болмай шықса жазалаудың керегі жоқ. Керісінше, астықты аман-сау жеткізуге көмектесіңіздер. Егер ол ішкілікті күйде болса, онда басқа әңгіме. Тәртіпті қадағалаймын деп шаруалардың мазасын қашырып, жұмыстарына бөгет келтірудің қажеті жоқ.

Айта кету керек, Тайынша ауданы – облысымыздағы ең ірі аудандардың бірі. Құрамына 19 ауылдық округ кіреді.

Нұрлыжан Ақтанов – Тайынша аудандық ІІБ бастығы:

– Соңғы сегіз айда аудандағы қылмыс көлемі 16,7 пайызға азайды. Қылмыстың ашылуы 92,9 пайызды құрап отыр. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші – 100 пайыз.

Жиын аяқталған соң Облыстық ІІД бастығы Берік Біләлов аудан азаматтарын қабылдады. Бұл күні аудандық ішкі істер бөлімшелерінің жұмысы да тексеріссіз қалмады.

Саят Ермек