Қоғам

Облысқа жапондық саяхатшы Накаджима Джунджи келді

Накаджима Джунджи, саяхатшы, Жапония:

– Қаладағы бірнеше мұражайларда болдым. Солардың ішінен өзіме ұнағаны өлкетану мұражайы. Түрлі тақырыпқа арналған экспонаттар көп екен. Сондай-ақ, қалада орналасқан бірқатар ескерткіштер мен орталық алаң ерекше есте қалды.

Накаджима Джунджи “Харлей” атты мотоциклді тізгіндеген. Оның қозғалтқышының қуатты сағатына 150 шақырымдық жолды жүруге мүмкіндік береді. Темір тұлпардың салмағы – 240 келіні құрайды. Елінен қаражатсыз шыққан саяхатшы, ақшаны гитарада ән айтып табады екен.

Накаджима Джунджи саяхатын Жапония елінің астанасы Токиодан 13 мамырда бастапты. Содан бері Оңтүстік Корея, Моңғолия және ондаған ресейлік шаһарларда болған. Енді, міне, Қазақстанға да келіпті. Петропавлдан кейін ол Астанаға жол жүріп, “EXPO-2017” халықаралық көрмесін тамашаламақ ниетте.

Накаджима Джунджи, саяхатшы, Жапония:

– Түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысқым келді. Қазір Астанада өтіп жатқан Экспо көрмесіне барып, Жапония және өзге елдердің павильондарын аралаймын. Бұл өте қызықты. Мен күнделікті өмірімді өзгерту үшін, үлкен саяхатқа шығуға бел будым.

Накаджиманың сөзінше, оның саяхаты әлі 4 жылға созылады. Ол енді Қырғызстан, Түрікменстан, Пәкістан, Үндістан мен Қытай елдерін араламақ.

Эльмира Садвокасова