МТРА жаңалықтары

ЭКСПО көрмесінің жабылуына санаулы күндер қалды

Қонақтар алдымен ән мен биден шашу шашатын танымал топтың өнерін тамашалап, кейін Тынық Мұхит плазасында өтетін парадқа аттанады. Бұл күні итальяндықтар да өздерінің ұлттық күнін атап өтпек. Олар келушілерге ауқымды концерт дайындапты. Шараға “Нелло Сальца” ансамблі пен Рим қаласының филармониясы ат салысады. Ойын-сауық бағдарламасынан бөлек, 4-ші қыркүйек “Болашақ энергия” форумының 12-ші сериясы бастау алады. Жиынның соңғы бөлігі 2 күнге созылмақ. Пленарлық сессиялардан кейін аталмыш форумның қорытынды құжаты әзірленетін отырыстар өтеді.

 

Эльмира Садвокасова