Солтүстікқазақстандық оқушылар ОҚО-ға экскурсияға барып қайтты

Балалар

15:15 31 Тамыз 2017

Олар Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи жерлерді аралап, мәдени мұралармен танысты. Сондай-ақ, жеткіншектер Сауран қаласының орнында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Денис Виноградов – Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:

– Осындай шаралар арқылы балалардың ой-өрісі кеңейеді. Әрі тарих пәнінен алған білімдерін бекітуге болады. Екі күн ішінде оқушылар түрлі тарихи ескерткіштермен танысты. Ал, Арыстан баб және Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінен алған әсерлері тіптен мол. Бұл нысандар ортағасырлық сәулеттің жарқын үлгісі болып табылады. Жеткіншектерге арналған экскурсия Түркістан қаласындағы тарихи-өлкетану орталығында аяқталды.

Эльмира Садвокасова