Қоғам

Петропавлда қалдықтарды бөліп төгуге арналған контейнерлер орнатылуда

Қалбыр және пластик құтыларды жеке салу үшін арнайы контейнер қойылған. Мәселен, мынауысы 9-шы мектеп пен 3-ші қалалық аурухананың аумағына бір жұма бұрын орнатылыпты. Мұндай бір себеттің сыйымдылығы – 20 келі. Іші толғаннан кейін жиылған қоқыс “Вторсырье” ЖШС қоймасына жіберіледі. Кейін қатты қалдықтар Ресейге қайта өңдеу зауытына жөнелтіледі екен. Алдағы күндері мұндай себеттер Петропавлдағы денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің барлығына орнатылатын болады.

Жанна Башенова, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім жетекшісі:

– Жобаның сәтті жүзеге асуы өз пайдасын тигізбек. Біріншіден, қалдықты лақтырып тастамай кейін шикізат ретінде пайдалана аламыз. Және полигонға жіберілетін қоқыс көлемі де азаймақ. Бұдан қоршаған ортаға келетін залал мөлшері де төмендейді.

Акбопе Танирберген