МТРА жаңалықтары

Бүгін ЭКСПО – 2017 көрмесінің 83-ші күні

Айта кетейін, бұл мереке қырғыз халқының Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген. Сондықтан да келушілер үшін өз мәдениетін, әдет-ғұрпы мен тыныс-тіршілігін паш ететін ауқымды концерттік бағдарлама әзірлеген. “Доор”, “Тұмар”, “Семетей” секілді ұлттық би ансамблдері өнер көрсетеді. Атай Өмүрзаков, Закирбек Дүйшөнбек, Динара Акулова және Темір Назаров сияқты Қырғызстанның мәдениет қайраткерлері мен халық әртістері ән салады. Мереке ұттық шерумен жалғаспақ. Ол көрменің бас сахнасынан басталып Қырғызстанның ұлттық павильонына дейін жетеді.

Акбопе Танирберген