МТРА жаңалықтары

Конституция күнін тойлау шаралары

Мәселен, орталық алаңда таң сәріден әуезді ән шырқалады, ал сағат 10:30-да мұнда келушілерге арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылмақ. Одан сәл кейінірек, «Салт-дәстүр» фестивалі өтеді. Тағы күнің бірінші жартысында Қазақстан Конституциясы көшесі бойында көрмелер ұйымдастырылып, қойылымдар көрсетіледі. Осы уақытта Жеңіс саябағында “Petrofest” атты көше субмәдениетінің фестивалі ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, мұнда түрлі концерттік бағдарламалар ұсынылатын болады. Тәуелсіздік стеласы маңында да ауқымды шаралар өткізіледі. Оған тағы спорт сайыстарын қосыңыз. Нақ осы күні, сағат кешкі 5-те орталық алаңда бокстан «Ринг патшасы» турнирі бастау алмақ.

 

Магжан Ахмадина