МТРА жаңалықтары

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді

Осындай қадам жемқорлық тәуекелдерін азайтуға септігін тигізбек. Екіншіден, азаматтар қажетті құжаттарын қысқа мерзімде ала алады. Айталық, қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміндегілер тұрғындардың өтінішін былтырғыдай 7 жұмыс күні емес, 5 күн ішінде қарап береді. Аталмыш бөлім азаматтарға мемлекеттік қызметтің 6 түрін ұсынады. 4-еуін электрондық форматта алуға болады.

Далабай Қабдуалиев – Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Аталмыш бөлім азаматтарға мемлекеттік қызметтің 6 түрін ұсынады. 4-еуін электрондық форматта алуға болады.

Жыл басынан аталған бөлімге 2 мың петропавлдық жүгінген. Дені мекен жай анықтамасын сұратыпты. Ал, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасында тұрғын үй салуға қатысты рұқсат қағаздарын береді.

Фархад Шамилёв – СҚО мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы бөлім жетекшісінің міндетін атқарушы:

 


– Ведомство құрылыс-монтаждау, жобалау жұмыстарына лицензия береді. Үлескерлерден қаражат тартып, баспана тұрғызатын мердігер компаниялар да басқармадан рұқсат қағаздарын алады. Сондай-ақ, сарапшыларды аттестациядан өткіземіз.

Жарты жылдың ішінде 200-ге жуық солтүстікқазақстандық сарапшы куәлігін алуға ниет танытқан. Соның тең жартысы сынақты ойдағыдай тапсыра алмаған.

Берік Қасен