Спорт

“Құлагер” ХК екі дүркін ел кубогының жеңімпазы атанды

Матчтың басында петропавлдық ұжым қарсылас қақпаға бірдей екі шайба дарытты. Бірақ басымдықты ұстап қала алмады. Атыраулық хоккейшілер ойынның негізгі уақытында таразы басын теңестіре алды. Ал 5 минуттық овертаймда теріскейліктердің мысы басым болды. Біздің команданың үшінші шайбасын Сергей Копылец салып, петропавлдықтарға жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 3:2, “Құлагер” хоккей клубының пайдасына шешілді. Осы ретті шайбалы хоккейден ел біріншілігі қыркүйектің 9-ы күні өтетінін айта кеткен жөн. Жерлес команда өзінің алғашқы кездесуін үйде, яғни Спорт сарайында рудныйлық “Горняк”-қа қарсы өткізеді. Кездесу сағат 17-00-де басталады.

Риат Шони