Қоғам

Конституция күні мерекесі қарсаңында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Реформа алдымен сот органдарынан басталды. Бүгінде барлық сот процестері аудио және бейнеге жазылатын болды. Бұл фемида жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бүгінде кәсіби мемлекеттік аппарат құруға да басымдық берілген.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:


– Конференция барысында биліктің барлық тармақтары, этникалық, конфессиаралық ынтамақтастықты нығайту бойынша сөз қозғалады.

Заң аясында қоғамдық кеңестердің рөлі артып келеді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысын депутаттар қадағалауға алды. Лауазымды тұлғалар мен жергілікті полиция қызметі жыл сайын халық қалаулыларына есеп бермек.

Айман Асанова – облыстық мәслихат депутаты:


– Облыстық мәслихат депутаттарының құзіреті артты. Халық қалаулылары экономикалық және әлеуметтік маңызы бар бағдарламалардың жоспарын бекітуге, жергілікті бюджетке өзгеріс енгізуге, әкімдердің жұмысына баға беруге құқылы.


Ғылыми-тәжірибелік конференция аясында кітап көрмесі өтті. Сөрелерге тәуелсіздік жылдары заң саласында орын алған жетістіктер паш етілген.

Берік Қасен