МТРА жаңалықтары

ЭКСПО-2017 көрмесінің үшінші миллионыншы келушісі тіркелді

Мәскеулік Юрий Шурыгин Астана қаласына жұмыс бабымен келіпті. Уақытының тығыздығына қарамастан, мейман ауқымды шараға келуді жөн санаған. Көрме қонағы алдымен ең танымал павильондардың бірі қазақстандық “Нұр Әлемді” тамашалапты. Ауқымды нысан оның көңілінен шыққан. Кейін, Ресей азаматын “Астана ЭКСПО-2017″ Ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Эльмира Садвокасова