Без категории

“Мемсараптама” РМК порталының мобильдік қосымшасы әзірленуде

Мемлекет басшысы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қолға алуды тапсырып, сандық технологияларға көшу керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда “Мемлекеттік сараптама” кәсіпорны да электрондық жүйеге көшкен. Осылайша, жұмыстарын оңтайландырып алды.

Талант Омарбеков – «Мемсараптама» РМК СҚО бойынша филиалының директоры, Астана қаласы:

– Бүгіндері ақпараттық технологиялардың арқасында қағазбастылықтан арылып, біржола электронды форматқа ауыстық. Енді, тапсырыс беруші жобасын сараптама жүргізуге өткізу үшін өзінің жеке кабинетіне кіріп жүктей алады. 5 күннің ішінде жіберілген жұмыстың дұрыс-бұрыстығы тексеріліп, 1,5 айда құжаттың сараптамасы жасалып, жеке кабинетке тұжырымдама келіп түседі.

Айта кетсек, таяу арада аталмыш кәсіпорынға жобаларды ұялы телефон арқылы жіберуге мүмкіндік туады. Яғни, бүгіндері оның мобильді қосымшасы әзірленуде екен.

Евгений Молоканов – “Архстрой” ЖШС жобалық тобының жетекшісі:

– Бүгінгі жиында өзіміз үшін біраз жаңашылдықтарды білдік. Үрдісті жеңілдету үшін ойластырылған шаралар өте тиімді. Мәселен, біздің компания мемлекеттік сараптама кәсіпорнына әр ай сайын кем дегенде бір рет жобалау-сметалық құжаттарын жіберіп тұрады.

Айта кетсек , Мемлекеттік сараптама кәсіпорнының порталына былтыр ел бойынша 16 мың өтініш келіп түскен. Ал, биыл көрсеткіш әжептәуір өсіп отыр. Бүгінде бұл жүйеге 9 мыңнан астам белсенді пайдаланушы тіркелген екен.

 

Тогжан Акмагамбетова