Әр түрлі

Петропавлда “Конституция – бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі” атты дөңгелек үстел өтті

Кездесуге 30-ға жуық адам қатысты. Олардың қатарында Әскери институттың курсанттары, судьялар, дәрігерлер мен жастар бар. Жиында сөз алғандар Ата Заңның маңыздылығы жайында айтты. Жалпы еліміздің басты құжаты 1995-ші жылы қабылданды. Ал, одан 3 жыл бұрын ҚР-ның Қарулы Күштері құрылды. Конституция қорғаныс саласының да дамуына үлкен серпіліс берді. Соның аясында бірқатар маңызды құжаттар қабылданды дейді Петропавлдағы ҰҰ Әскери институтының оқытушысы Александр Митяев.

Александр Митяев – ҚР ҰҰ Әскери институтының оқытушысы:


–  Бізде әскери доктрина қабылданды. Бұл – қарулы күштердің алдағы даму жоспарын айқындайтын құжат. Осы ретте 2015-ші жылы қаңтарды 10-ы күні бекітілген Ұлттық Ұлан туралы заңды да айта кету қажет.


 

Риат Шони