Әр түрлі

«Нұр Әлем» павильоны миллионыншы келушісін қабылдады

 

Елордамыздың жаңа символына айналған «Нұр Әлем» көрме ашылған сәттен-ақ жұрттың танданысын туғызып, ең көп меймандар баратын жерге айналған еді. Осы уақытқа дейін қазақстандық павильонды 50-ден астам мемлекет басшысы аралапты. Күн сайын мұнда 10 мыңнан 28 мыңға дейін адамдар келеді. Сарыарқа төріндегі алып шар әлемдегі ең үлкені болып саналады. Оның биіктігі – 100, ал диаметрі – 80 метр. Нысаның қасбеті күн сәулесінен қуат алатындай етіп жасалған. Ал үстіңгі жағында екі жел генераторы орнатылыпты. Олар да павильонды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Көрме аяқталған соң, «Нұр Әлем» туристерді қабылдайтын мекенге айналмақ.

Магжан Ахмадина