Меруерт Асқарова – Петропавл қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері.
-Орталық алаңда, Мәдениет және демалыс саябағында, Абай мен Пушкин ескерткішінің маңында және Тәуелсіздік стеласында сағат 11.00-ден басталады. Қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама өткізіледі.
Бұдан бөлек “Қызылжар аруы-2014” қалалық байқауы да мерекелік бағдарламалар көркін қыздыра түспек. Оған мемлекеттік мекемелерде еңбек ететін 30 бен 40 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатыса алады. Ал спорт десе ішкен асын жерге қоятын тұрғындарды бұл күні түрлі ұлттық ойындар мен жарыстар күтіп тұр.
Меруерт Асқарова – Петропавл қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері.
-Тәуелсіздік стеласында “Барри” иттерді дайындау клубының қатысуымен “Дог шоу” отбасылық мерекесі өтеді. Абай мен Пушкин ескерткішінің қасында балалар алаңы болады.
Мерекелік шаралар кешкі сағат 20.00-де “Қазақстан сен жайлы ән саламын” атты жастарға арналған концерттік бағдарламамен жалғасады. Ата заң күніне арналған ойын-сауық іс-шаралары мәдениет және демалыс саябағындағы отшашумен аяқталмақ.
Бакыт Садуакасов.