МТРА жаңалықтары

Петропавлда пластик бөтелке салуға арналған тағы 200 қоқыс жәшігі пайда болады

Римма Островская, “Бөкетов көшесі, 42 үй” ПИК төрайымы:

– Бұл қоқыс жәшіктеріне мына ауланы қоршай орналасқан 4 үй қоқыс тастайды. Бөтелкені жеке саламыз. Бұл ыңғайлы. Маңайымызда дүкендер өте көп. Олар босаған қораптарды көптеп лақтырады. Қағаздар үшін де жеке себеп орнатылса жақсы болар еді.

Жақын күндері “Вторсырье” серіктестігіне тиесілі мұндай себеттер саны артпақ. Компания директоры Қайыржан Айсиннің айтуынша қыркүйек айының ортасына дейін Петропавлда тағы 200-ден артығы орнатылады.

Қайыржан Айсин: “Вторсырье” ЖШС директоры:

– Аптасына бір рет келіп әр ауладан толып қалған себеттерді босатып әкетіп отырамыз. Мұндай қалдықтарды айына 5 жүк көлігне тиеп қайта өңдеу орындарына жөнелтеміз. Қағаздардан Алматыда майлықтар мен дәретхана қағаздары жасалынады. Ал, пластик бөтелке Ресейде қайта өңделеді.

Бөтелке, қалбыр, қағаздарды бөліп төгуге арналған себеттерді қажет ететін аула тұрғындары “Вторсырье” серіктестігіне хабарласа алады. Компания қызметкерлері бірден келіп орнатып береді.

 

Акбопе Танирберген