МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және зейнетақы жүйесін жаңғырту

Соның арқасында 170-тен астам мемлекеттік қызмет түрі халыққа “Бір терезе” қағидаты бойынша көрсетілетін болды. Бұл өзгеріс әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есептеу орталықтарының да жұмысын айтарлықтай жеңілдеткен. Аталмыш мекеме бүгінде азаматтарға 43-тен астам әр түрлі төлемдер төлейді.

Елтай Нұрғожин – “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕАҚ СҚОФ – “ӘТВЕО” департаментінің Уәлиханов аудандық бөлімше жетекшісі:

– Оның ішінде ынтымақты зейнетақы, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер, жерлеуге арналған жәрдемақы бар.

“Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясында мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері құрылды. Корпорацияға қарасты 4 орталық ел азамттары туралы барлық ақпаратты ортақ жүйеден алады. Осының арқасында тұрғындар бұрынғыдай түрлі мекемелерге барып табан тоздырмайтын болды.

Журналистер оңтайлы сәтті пайдаланып, спикерлерден 2018 жылы зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты өзгерістер туралы сұрады. Мамандардың айтуынша, зейнетақы төлемдері келешекте еңбек өтілі мен айлық кіріс мөлшеріне байланысты есептеледі.

Елтай Нұрғожин – “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕАҚ СҚОФ – “ӘТВЕО” департаментінің Уәлиханов аудандық бөлімше жетекшісі:

– 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы басқаша белгіленеді. Жасы бойынша зейнетақы төлем мөлшері әрбір толық жыл үшін 1198 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі 1 пайыз өсіріледі. Бірақ зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыстың 75 пайызынан артық емес.

Зейнетақы алу үшін ер адамдардың еңбек өтілі 25 жыл, әйелдердікі 20 жылдан кем болмауы тиіс.

Сәулеш Дюсенбина – “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕАҚ СҚО бойынша филиалы – “ӘТВЕО” департаментінің директоры:

– Егер тұрғындардың жалақысы төмен болса, олар міндетті түрде қосымша кіріс көзін іздеу керек. Жұмыс берушілер оларға жылына бір рет емес, ай сайын зейнетақы аударым жасап тұруы тиіс. Біз осыған қарап базалық зейнетақыны тағайындаймыз.

Жастар болашақта мардымды зейнетақы алу үшін қазірден бастап мекемелерде келісім-шарт негізінде жұмыс істеп, ай сайын қордағы зейнетақы аударымдарын тексеріп тұруы тиіс дейді мамандар.

Берік Қасен