Мәдениет

Бүгін ЭКСПО көрмесінің 76-ы жұмыс күні

Шарада жұртшылық назарына аталған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін паш ететін ерекше мәдени бағдарлама ұсынылды. Тағы Африка Плазасына дейін жалғасатын әдемі ұлттық шеру де өтті. Бұдан бөлек бүгін ЭКСПО көрмесі аясында елордада СҚО-ның мәдениет күндері бастау алды.

Тамыздың 27-не дейін жалғасатын ауқымды шарада теріскейліктер Астананың 4 алаңында өз өнерлерін паш етеді. Сондай-ақ, ЭКСПО-ға бүгін әлемде баламасы жоқ дыбыстан да жылдам британдық автомобиль жеткізілді. Bloodhound SuperSonic Car деп аталатын темір тұлпар әлі өңдеуден өтуде. Бірақ, конструкторлардың айтуынша, оның жылдамдығы сағатына 1 мың 609 км-ге дейін жетеді екен. Бұндай тамаша көлікпен жұртшылық Ұлыбритания павильонында таныса алады.

 

Риат Шони