Спорт

Солтүстікқазақстандық зілтемірші Айдар Қазов Универсиада чемпионы атанды

Теріскейлік ауыр атлет Тайпейдегі жарыста ел қоржынына екінші алтынды салды. 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айдар Қазов алғашқы жаттығуда 145 келіні көтеріп, ресейлік Вячеслав Яркинге есе жіберді. Ол 150 килограммдық зілтемірді ырқына көндірген болатын. Дегемен, жұлқа көтеруде солтүстікқазақстандық саңлақ 186 келі салмақты бағындырып, сары құрлықта атой салды. Айдар Қазов қос жаттығудың қорытындысы бойынша 331 келіні көтеріп, ресейлік қарсыласынан 1 келіге озып кетті.

 

Риат Шони