Білім

Облыс орталығында жас педагогтардың форумы өтті

Райымбек Дәукен – Дәуіт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Ақжар ауданы:

– Өткізген сабақтарды бейнетаспаға түсіріп алып, оны сабаққа келмеген оқушыларға көрсетуге болады екен. Соны бүгінгі форумда білдім. Одан басқа камераға жазылған сабақты педагогтар қайта қарап, кемшін кеткен тұстарын түзей алады.

Форумда геометрия, физика, математика және информатика пәндерінен сабақ беретін
мұғалімдер бас қосты. Оларға құлтемірлерді құрастырып, оны басқару жөнінде шеберлік сағаты өткізілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, робототехника оқушылардың білім алуға деген құлшынысын арттырады. Мұндай құлтемірлер ауылды жерлерде жоқ. Бірақ, оны интернетке кіріп, онлайн тәртіпте құрастыруға болады екен.

Алмаз Тұрсынбеков – “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы СҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бөлімінің бас маманы:

– Интернетте құлтемірлерді құрастыруға арналған арнайы портал бар. Мұғалімдер мен оқушылар сонда кіріп, роботтарды құрастыруды үйрене алады.

Жиын барысында өңірдің жас педагогтары онлайн тәртіпте өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасты.


Берік Қасен