Ауыл шаруашылығы

«СК Вагулинское» ЖШС диқандары егін оруда

Андрей Штольц тізгіндеген комбайн – «Есіл-760». Оның сыймдылығы – 6 тонна. Механизатор күн сайын бункерін бидайдан 20-30 рет босатады екен.

Андрей Штольц – «СК Вагулинское» ЖШС механизаторы, Қызылжар ауданы:

– Ең кем дегенде біз бір күнде 10 бункер бидай аламыз. Бұл бір комбайннан. Жұмысымыз жақсы жүріп жатыр. Техникамыз да жаңа. Әрқайсысымыз өз комбайнымызға жауаптымыз. Сынып қалса, тез арада жөндеп аламыз. Бірақ, әзірге мұндай проблема жоқ.

Егін ору науқанын СК Вагулинское серіктестігі тамыздың бірінен бастапты. Қазір олар мына 46 гектар алқапта жұмыс істеуде. Бүгінде мұндағы 7 комбайн жұмыстың 30 пайызын тындырып үлгерген. Ал, айдың соңына дейін бұл жеррдегі жұмыс толығымен аяқталмақ.

Мария Полукеева – «СК Вагулинское» ЖШС бас агрономы, Қызылжар ауданы:

– Бұл алқапта бидайдың «омбылық 35» сорты егілген. Гектар берекелігі қазір 15-18 центнерден айналуда. Ауа райы да тамаша. Сондықтан, біз қазір тынымсыз еңбек етудеміз. Жұмысшылар алқапқа таңғы 7-ден шығады. Мұннан олар түңгі сағат 12 мен 2-сіз кетпейді.

Аталған серіктестік егін ору науқанын өздерінің шағын алқаптарынан бастады. Ал, жалпы биыл олар 8 мың гектарға жуық жерге тұқым сіңіріпті. Енді олар бітік шыққан өнімді уақытылы жинап алуды көздеп отыр. Айту керек, биыл Вагулино ауылының диқандары жанар-жағармайға мемлекеттен 1,68 млн, ал гербицидке 3,75 млн теңге субсидия алған.

 

Айгерим Ержанова