МТРА жаңалықтары

Экспо-2017: Бангладеш Республикасының Ұлттық күні өтуде

Мұнда келгендер бірден “Бояу мерекесіне” тап болады. Меймандарды бұл елдің әртістері ұлттық билерімен қарсы алып, “Жібек жол” плазасына экскурсия жасатуда. Эксподан естелік сыйлықтармен қайтқысы келген балалар түрлі елдердің павильондары алдында кезек құрған. Арнайы таңбашаларды сатып, айырбастап, болмаса сұрап та алуға болады. Ең көп сұранысқа ие белгілер Қытай, Швейцария, Ауғанстан мен Кариб қауымдастығы елдерінікі екен.

 

Акбопе Танирберген