Әр түрлі

Экспо-2017 көрмесінде Сауд Арабиясының Ұлттық күні өтуде

Ресей павильонында Свердловск облысының стенді ашылды. Іскерлік бағдарламада Екатеринбургте ЭКСПО-2025 Бүкіләлемдік әмбебап көрмесін өткізу құқығына берілген өтініштің презентациясы жоспарланған. Тағы 22 тамыз – Сауд Арбиясы Корольдігінің ұлттық күні. Шара ұлттық бимен ашылды. Көрме қонақтары қолдарына қынамен сурет салғызып, ұлттық астан дәм татты.

Сауд Арабиясы күн мен желдің қуатын игеру бойынша 30 жобаны іске асырып, 2040 жылға қарай электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын қазба отыннан біржола бас тартпақ. Сондай-ақ, Экспода өз ұлттық күнін МаршАлл Аралдары Республикасы өткізуде. Ал, Италия павильонында 22-24 тамыз күндері «ВэнЭто аймағының әні мен музыкасы» концерті ұйымдастырылады.

 

Акбопе Танирберген