Құқық қорғау органдары

Тамыз айында СҚО-да 15 қылмыстық іс бейнетіркегіштің көмегімен дәлелденді

– Включен, но ничего не пишет. А чтобы писать, нужно нажимать сюда?

– Да.

– Звук, все пишет?

– Да, все полностью.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күнделікті қызметтерінде бейнетіркегішті өздерімен бірге алып жүрмейтін полиция өкілдері бар болып шықты. Кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қайрат Оразалин – СҚО ІІД бастығының орынбасары:

– Бейнетіркегіштердің пайдасы көп. Оны тәртіп сақшылары кезекшілік жасағанда міндетті түрде өздерімен бірге алып жүрулері тиіс. Аталған құрылғы ІІО-дарында жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге септеседі.

Тамыз айында облыс аумағында орын алған 15 қылмыстық іс бейнежетондарға жазылған видеоның көмегімен анықталды. Соңына дейін өз кінәсін мойындамай келген Петропавл қаласының тұрғындары жауапкершіліктен жалтара алмады.

Берік Қасен