Әр түрлі

Петропавлда әуесқой суретші Лариса Пестереваның суреттер көрмесі өтті

Лариса Пестерева – әуесқой суретші:

– Мен кәсіби суретші емеспін. Сондықтан, интуитивті әдіспен сурет саламын. Картиналардың бәрі менің көңіл-күйіме байланысты. Суретті аяқтап болғаныммен, жүре-жүре тағы бір бейнелер қосуым мүмкін. Бұл туындылар сонысымен ерекше.

Интуитивті сурет – көзбен шолу өнеріндегі жаңа бағыт. Сондықтан, аталған әдісті қолданатын суретшілердің саны қазір көбейіп келеді. Лариса Пестерева көбіне гүлдер мен аққуды салғанды ұнатады. Соңғысы нәзікжанды үшін отбасы символы көрінеді.

Лариса Пестерева – әуесқой суретші:

– Суреттерім арқылы менің әлемімді көруге болады. Қатты қуанып, бақытты кезімде қолыма қылқалам алып, сурет саламын. Ішкі жан-дүниемді, эмоциямды қағазға түсіремін.

Әуесқой суретшінің картиналарын тамашалауға келгендердің қарасы қалың болды. Туыстары мен жолдастары, тіпті, әріптестері де осында.

Ольга Костюченко:

– Лариса екеуіміздің жұбайларымыз – әріптес. Олар – әскери азаматтар. Жақсы араласамыз. Бірақ, Ларисаның бойында мұндай таланттың барын білмеппін. Өте тамаша. Суреттері қатты ұнады. Картиналары арқылы жан тыныштығын табуға болады.

Ирина Шлак:

– Картиналардлың бәрі ашық түске боялған. Өте тамаша. Алдағы жұмыстарына тек қана сәттілік тілеймін.

Айту керек, көрме қыркүйек айына дейін жалғаспақ.

 

Айгерим Ержанова