МТРА жаңалықтары

Өңірімізге ҚР Парламенті Сенатының депутаттары келді

Солардың бірі – теріскейлік прокуратура қызметкерлерімен өтті. Жиында Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Ұлт жоспарында айтылған басым бағыттарға тоқталып, қоғамдық кеңестердің жұмысы жайлы айтты. Бүгінде ел бойынша мұндай 229 ұйым бар екен. Солардың арқасында халықты толғандырып жүрген көптеген көкейкесті мәселелер шешілуде. Тағы сенаторлар Заң үстемдігі туралы сөз қозғады. Ал, оны қалыптастыруда сот және қадағалаушы орган өкілдерінің маңызы зор.

Бектас Бекназаров – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

– Біз бүгін 3 сатылы сот жүйесіне көштік. Қазір біздің қоқам құқықтық мемлекетке айнавлып келеді. Сондықтан сот отырыстарында прокурорлардың қатысуы жиілеп барады.

 

Магжан Ахмадина