МТРА жаңалықтары

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың әскери кафедрасы кезекті курсанттар легін қанат қақтырды

Айта кету қажет, әскери кафедра 1998-ші жылы құрылған. 19 жылдың ішінде мұндағылар 3 мыңнан астам запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлап шыққан. Биылғы жылдың ерекшелігі – алғаш рет қыздар кафедраны аяқтап отыр. Олар да тепсе темір үзетін жігіттермен қатар әскери мамандықтың екеуін, дәлірек айтсақ, психологиялық және идеологиялық жұмыс ұйымдастыру бойынша білім алып шықты.

Айдана Хамзина:

– ҚР Қорғаныс министрлігі 2015-ші жылы әскери кафедраларға қыздарды қабылдау бойынша заңын шығарды. Соны естіп мен жергілікті университеттегі кафедраға өтініш берген болатынмын. Екі жылд оқып, бүгін ант қабылдадым.

 

Риат Шони