Әр түрлі

ЭКСПО-2017″ халықаралық көрмесін 2 млн 779 мың 820 тамашалады

Тамыздың 14-і мен 20-сы аралығында аталған шараны 345 мыңнан астам азамат тамашалаған. Ал, күніне онда орта есеппен алғанда 50 мыңға жуық адам болған. Бұл алдыңғы аптаның көрсеткішімен салыстырғанда 14 мың жанға көп. Жалпы көрме өз жұмысын бастағалы ЭКСПО қалашығына 2 млн 779 мың 820 азамат келіпті. Айту керек, көрермені ең көп және сұранысқа ие павильондардың көшін Африка Плазасы бастап тұр. Кейін Египет пен Түркия, Тайланд пен Әзірбайжан, Индия мен Ресей жайғасты. Өзбекстан мен Жапонияның павильондары да сұранысқа ие нысандардың тізімінде.

 

Айгерим Ержанова