Мәдениет

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ЭКСПО көрмесіне қамданып жатыр

Болатбек Қалдыров – ағаш шебері:

– Ағашты сырттан қарағанда өзегі үлкен болады. Ал кейін одан сапасыз өнім шығады. Сондықтан таңдағанда біз барлығын кесіп қарап аламыз. Бәрін технологиямен жасаймыз. Дизайын жақтарын өзіміз қосамыз.

Ағаштан түйін түйген ісмер азамат 50-ден астам бұйымды Астанаға жеткізбек. Жалпы ауқымды шараға теріскейден 11 қолөнер шебері қатысады.

Жібек Жүзенова – СҚО мұражай қорының меңгерушісі:

– Ол жерде керамика, темір, ағаштан жасалған бұйымдар қойылады. Өңірімізге жақсы дамыған қолөнершілер барады. Олар жақсы дайындалған.

Жалпы Астанаға қолөнершілерден бөлек, мұражай қорындағы 90-нан астам жәдігер жеткізілетін болады. Олар астаналықтар мен қала қонақтарының назарына 11 күн бойы ұсынылмақ.

 

Магжан Ахмадина