Бизнес және экономика

СҚО-да негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8% өсті

Соңғы жеті айда көрсеткіштер бойынша облысымыздың экономикалық дамуы қалыпты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8%-ға өсіп, 78 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 5, бөлшек сауда көлемі 3 пайызға ұлғайды. Әдеттегідей, ауыл, орман және балық шаруашылықтарында инвестицияларды игеру белсенді. Үстіміздегі жылы өңдеу өнеркәсібінде 83,7 млрд теңгенің өнімі шығарылыпты. Сондай-ақ, ірімшік және сүзбе өндірісі – 18 пайызға, ет – 12, ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер 10%-ға ұлғайды. Машина жасау көлемі 2 есеге өсті.

Берік Қасен