Әр түрлі

Бүгін ЭКСПО көрмесінің 69-шы жұмыс күні

Қазір мұнда өзінің ұлттық күнін Самоа Тәуелсіз мемлекеті атап өтуде. Шараны тамашалауға келгендер үшін Мисс Самоа 5 халық биін: Sasa (Саса), Maulu’ulu (Маулюлю), Faataupati (Фатаупати), Siva Afi (Сива Афи) және Taualuga (Тауалуганы) билеп өнер көрсетеді. Сондай-ақ, қонақтарды Тынық Мұхиты Плазасы бойынша әсерлі экскурсия күтуде. Бұдан бөлек Малайзия павильонында білім беру апталығы жалғасуда. Шарада малайзиялық оқу орындарына қалай түсуге болады және ондағы талаптар жайлы егжей-тегжейлі түсіндірілуде.

 

Риат Шони