Мәдениет

Астанада өтетін СҚО мәдениет күндері аясында отандастарымызға өңір архивіндегі құжаттар көрсетілмек

Ең көнесіне – 170 жыл. Биыл тарихшылар материалдардың арасынан ашаршылық жылдары М.Жұмабаевтың жоғары билікке жазған баяндамасын тауып алыпты. Облыстық архивтің директоры Сәуле Мәлікова ақынның қолымен жазылған хатты осыған дейін еш жерде кездестірмедім дейді.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

– Мағжан Жұмабаев баяндамасында ауылдағы ағайындарға мал беруін сұрапты.
Өйткені, ол кезде ашаршылық белең алған.

М.Жұмабаевтың жеке қолтаңбасы бар баяндама бірінші рет Астана қаласында өтетін көрмеде жұртшылық назарына ұсынылмақшы. Биыл “Алаш” партиясының құрылғанына 100 жыл толды. Соған орай көрменің бір бөлімі Алаш қайраткерлеріне арналады. Бүгінде сол ұйым қатарында болған 30-дан астам жерлесіміздің есімі белігі болды. Қызылжар өңірінің тумалары жайлы деректер тамыздың 24-і мен 27-сі аралығында Астанада өтетін СҚО-ның мәдениет күндері аясында отандастарымызға көрсетілмекші.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:


– Көрме ҚР Ұлттық архив ғимаратында өтеді. Жерлестеріміз, депутаттар, мәдениет саласының қызметкерлері, министрлік қызметкерлері, республика мен облыстық архивінің басшылары шақыртылып отыр. Көрмеге 200-ден астам құжат апармаз.

Елордада өтетін көрмеде қазақстандықтар жерлесіміз Жұмағали Тілеулин жайлы мол мағлұмат ала алады. Мемлекеттік қайраткер облысымызда денсаулық сақтау ісін ұйымдастырған тұңғыш қазақ азаматы болған. Қазақ тарихын зерттеуге үлес қосқан. Жұмағали Тілеулиннің еңбектерінен құралған мына кітаптың 100 данасы басылыпты. Жинақ отандасымыздың 125 жылдығына арналып шығарылған. Сондай-ақ, көрмеде латын альфавитінде алғаш жарық көрген газеттер болады.

Астанада СҚО-ның мәдениет күндері аясында өтетін шарада отандастарымызға теріскей өңірінің тарихы, соғыс, тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы Қызылжар өңірінің жетістіктері паш етілмек. Арасында “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында шет ел архивтерінен алынған материалдар да бар.

Берік Қасен

Студия:Катания на коньках
Автор: Айгерим Ержанова Оператор: Ведущий : Хронометраж:00:00:00 Заданный хронометраж: 00:00:00 Расчетный хронометраж: 00:00:10 ID блока: 2492800428 Номер блока в расписанни выпуска: 13 Блок готов: 1 Блок принят: 1 ID типа блока: 3 комментарй к блоку:
((Петропавлда бұқаралық коньки тебу маусымы ашылды))

Асыл мен Айым конькиге жақында ғана тұрған. Сырғанауды олар әлі дұрыс меңгере қоймапты. Сондықтан, егіздер коньки тебуге әпкелерімен бірге келіп жүр. Бастапқыда қыздар жиі құлап, тепе-теңдікті ұстай алмаған. Ал, қазір олар өздері ақырындап коькимен жүре алады.

Асыл Жанғали:


–  Әпкемізбен жүргенде көп құлайтынбыз. Енді қазір өзіміз коньки тебе аламыз. 00:10-16/Мұнда біз жиі келіп тұрамыз. Бізге коньки тепкен ұнайды.


Айым Жанғали:


–  Мен мұнда әпкелеріммен жиі келіп тұрамын. Бұл жерде мен жаңа достар тапқып келеді. Мұнда конькиді жақсы тебетін адамдар көп. Солардан үйренсем деймін.

Спорт сарайында коньки тебемін дейтіндердің қарасы қалың. Үлкенді-кішілердің бәрі осында.

Күн сайын спорт сарайына 1 мыңнан астам адам келеді. Олардың дені коньки тебуге қызығушылық танытуда.

Сергей Мелехов – “Олимп” ОБЖСМ директорының орынбасары:


–  Бұқаралық коньки тебу маусымы жақында ғана ашылды. Бұл әлі 3-ші сеанс қана. Келушілердің саны күн санап артып келеді. Қазір мұз жабындысының да жағдайы жақсы. Өйткені, жөндеу жұмыстары кезінде біз оны жаңадан құйдық. Мұз айдынынна кіру құны да сол қалпында қалды. Ересектер үшін – 500, балаларға – 300 теңге. Ал, конькиді жалға алу үлкендер үшін 400 теңге болса, кішкентай келушілер 250 теңгеге ала алады.

Әзірге, солтүстікқазақстандықтар конькиді тек демалыс күндері кешкі сағат 6 мен 7-і аралығында ғана тебе алады. Себебі, жаз айларында аталған бұқаралық спортқа қызығушылардың саны аз дейді спорт сарайының әкімшілігі. Қазір мұз айдынына 100-ден астам адам келсе, қыс мезгілінде олардың саны 200-ден асады екен.

Айгерим Ержанова