Білім

Өңір мектептері 1-ші қыркүйекке дейін оқулықтармен толық қамтылмақ

Биыл өңір бойынша 70 мыңнан астам шәкірт бар. Оның 9,5 мыңы – мектеп табалдырығын енді аттауға ниет танытқандар. Олардың барлығы үшін әр білім ұясында тамыздың 25-не дейін су жаңа оқулықтар пайда болмақ. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 900 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, 18 баспамен 233 келісім шарт жасалынған. Аталған ұйымдар 677 мың дана оқулық берулері қажет екен. Бүгінде кітаптардың 60 пайызы өңірге жеткізілген. Жалпы жаңа оқу жылын биыл облыста 505 мектеп бастамақ. 12 шағын комплектілі білім ұясының бала санының аздығына байланысты жабылғандығын да айта кету қажет.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Оқушылар үшін оқулықтар тегін болады. Бір ерекшелігі 2-ші, 5-ші және 7-ші сыныптағыларға арнайы жаңа кітаптар алынып жатыр. 1-ші сыныптағыларға қосымша оқулықтар мен жұмыс дәптерлері сатып алынуда.

 

Риат Шони